«ӘС-СӘЛАМ» МЕШІТІНДЕ «РАМАЗАН ЖӘНЕ БАС ИМАМ САҒАТЫ» ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

16 наурыз 2024 423 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әс-Сәлам» мешітінде «Рамазан және бас имам сағаты» өткізілді.

Шара барысында мешіт бас имамы Дастан Зияшұлы жиылған жамағатқа Рамазан айында тарауих намазын оқу жайында уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ, тарауих намазының үкімі, шығу тарихы, жиырма ракағаттан оқылу себебі, тарауих тасбихы және үтір намазын жамағатпен оқу турасында жамағатқа кеңінен түсіндірілді.

Айта кетсек, қасиетті айда ҚМДБ тарапынан қолға алынған «Рамазан және бас имам сағаты» жобасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде де өткізіліп келеді.

11 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін  

Пікірлер Кіру