АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

10 қазан 2025 764 0
Оқу режимі

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов елордаға қарасты «Аршалы» елдімекенінде орналасқан түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – жазасын өтеушілердің рухани дүниетанымын кеңейту, өмірге деген көзқарасын түзету және қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету.

Қала Бас имамы кездесу барысында азаматтарға тәубе мен кешірімнің мәні, сабыр мен ізгі амалдың артықшылығы, сондай-ақ отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілік жөнінде насихат жүргізді.

«Әр адам өмірінде түрлі сынаққа тап болуы мүмкін. Маңыздысы – сол қиындықтардан дұрыс қорытынды шығарып, түзелуге ұмтылу. Алла әрдайым шынайы ниетпен түзелгісі келген құлын қолдайды», – деп атап өтті Ерболат Нұрылдаұлы.

Кездесу мазмұнды өтті. Азаматтар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өмірлік бағыт-бағдар алуға мүмкіндік алды. Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру