АСТАНАДА «ІЗГІЛІК ЖАРШЫСЫ ӘЗ МҰХАММЕД ﷺ» АТТЫ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ

18 қазан 2023 1398 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен қазақ айының 19-жұлдызында Елорда төріндегі Бейбітшілік және келісім сарайында «Ізгілік жаршысы Әз Мұхаммед ﷺ» атты рухани Мәуліт кеші өтеді.

Ардақты Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен тәлім-тағылымы жырланып, сансыз салауаттар жолданатын сауапты кеште түрлі сахналық қойылымдармен қатар, ғибратты насихат айтылып, ән мен жырдан шашу шашылмақ.

Айтулы кешке елімізге белгілі өнер жұлдыздары және Астана қаласы театрларының, атап айтқанда Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, Жастар және Аstana Musical театрының актерлері өз өнерлерін паш етіп, түрлі тақырыптардағы қойылымдар ұсынады.

Кеш аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық «Дін мен дәстүр» мүшәйрасының қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер сахна төрінде марапатталатын болады.

Мәуліт кешінің билеттерінен түскен қаражат түгелімен қайырымдылыққа арналып, кеш соңында 10 адамға «Мәуліт сыйлығы» беріледі.

Билеттерді Астана мешіттерінен сатып алуға болады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру