АСТАНАДА МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

28 тамыз 2023 1567 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында «Құран – ізгі қоғам ұйытқысы» атты сайыс өтті. Жақында ғана жамағатқа есігін айқара ашқан «Әл-Фаттах» мешітінде өткен Құран сайысында мешіт шәкірттері «10 пара», « 1 пара» және «Жарты пара» бойынша сынға түсті.

Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы бастаған қазылар алқасы құрамында елімізге белгілі қарилар Жұманазар Садырханов, Серік Ахметов, Қайырбай Дәукен сынды білгірлер төрелік жасап, шәкірттер арасынан үздігін анықтауға тырысты. Үш аталым бойынша жеңімпаз атанған шәкірттерге «Әл-Фаттах» мешітінің ұйытқы болуымен қаржылай сыйлықтар табысталып, Астана өкілдігінің арнайы дипломымен марапатталды.

Сайыс қорытындысы бойынша төмендегі шәкірттер «Құран – ізгі қоғам ұйытқысы» атты сайыстың жеңімпаздары атанды.

«10 пара» аталымы бойынша:

1-орын – Құрмашев Мұстафа
2-орын – Дәулеткерей Әмір

«1 пара» аталымы бойынша:

1-орын – Ниғматулла Рамазан
2-орын – Құмбай Ибраһим
3-орын – Абсамат Ерсұлтан

«Жарты пара» аталымы бойынша:

1-орын – Рахматулла Нұрсұлтан
2-орын – Қайырғали Исмайыл
3-орын – Құрмашев Мұртаза

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру