АСТАНАДАҒЫ «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНЕ ЕКІ БІРДЕЙ НАИБ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

28 қараша 2025 476 0
Оқу режимі

Бүгін қасиетті жұма күні елордада орналасқан «Әл-Ғани» мешітіне екі бердей наиб имам тағайындалды.

Мешіт бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жиналған жамағатқа жаңа дін қызметкерлерін таныстырып, еңбек жолын атап өтті. Жиын соңында жамағат болып дін жолындағы қызметкерлерге сәттілік пен береке тіледі.

Төрежан Жүніс Түгелұлы

БІЛІМІ:

1996-2000 ж.ж. Өзбекстан Республикасы, Андижан қаласы «Саид Мухиддин Махдум» медресесін «Имам хатиб, исламтанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005-2010 ж.ж. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Қазақ тілі әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.

ЖҰМЫС ӨТІЛІ:

2000-2007 ж.ж. Алматы қаласы «Арыс баспасы» редактор көмекшісі;

2007-2020 ж.ж. Астана қаласы «Астана» медресе-колледжінде ұстазы;

2012-2014 ж.ж. Астана қаласы «Әс-Сәлам» мешітінде бас имам;

2014 жылдан бастап Астана қаласы «Әс-Сәлам» мешітінде наиб имам қызметін атқарып келеді.

Отбасы жағдайы:  Отбасын құрған төрт ұл, екі қыздың әкесі

 

Ниазов Ержан Исаханұлы

Білімі: Жоғары

Зайырлы білім: 2007-2011 ж.ж. Қарағанды Мемлекеттік Университеті (ҚАРМУ) Физика педагок мамандығы.

Орта білім: 2011-2014 ж.ж «Астана» медресесі, «Исламтану» мамандығы.

Шетелдік білім: 2017-2020 ж.ж. Туркия Республикасы, Кайсери қаласы, «Хасеки» академиясы.

ЖҰМЫС ӨТІЛІ:

2014-2017 ж.ж. «Әзірет Сұлтан» мешітінде кезекші имам

2020 – 2022 жылдары  Абай облысы аймағының орталық мешітінде наиб имам

2022 жылы наурыз айынан Төлебай мешітінің наиб имамыы

2023 жылдың қыркүйек айынан С.Ғылмани мешітінің наиб имамы

Отбасылық жағдайы: Үйленген, 4 баласы бар

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру