«АТАЛАР МЕКТЕБІ»: ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

15 қыркүйек 2026 23 0
Оқу режимі

«Әл-Фаттах» мешітінде «Аталар мектебінің» кезекті тағылымды кездесуі өтті. Дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, үлкеннің ұрпақ тәрбиесіндегі орны сөз болған басқосуға мешіт жамағаты қатысты.

Кездесуде атаның отбасындағы орны, әулетке бағыт-бағдар берудегі рөлі, ұрпақ тәрбиесі және ұлттық құндылықтарды кейінгі буынға жеткізудің маңызы жайында ой қозғалды.

Мешіттің бас имамы Бағдат Абдукаримов ақсақалдардың қоғамдағы орнына тоқталып, атадан қалған салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды кейінгі буынға аманаттаудың маңызын атап өтті.

Ал мешіттің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев отбасы тәрбиесіне ойысты. Ол шаңырақтағы үлкен мен кішінің сыйластығы, ата-әженің ақыл-кеңесіне құлақ асу және отбасындағы береке-бірлікті сақтаудың мәні жөнінде сөз қозғады.

Кеш соңында көнекөз қариялар елдің бірлігі мен берекесін, жұрттың тыныштығын тілеп, бата жасады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру