ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫ: БҮЛДІРШІНДЕР АРАСЫНДА ДҰҒА-БАТА ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

06 қараша 2025 551 0
Оқу режимі

Астанадағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінде 5 пен 10 жас аралығындағы балалар арасында «Дұғам қабыл болсын» атты дұға-бата жарысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – бүлдіршіндерді имандылық пен ізгілікке баулу, ата-баба дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу және олардың жаттау мен көркем сөйлеу қабілетін дамыту болды. Жиынға Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Мамырқызы, мешіттің әйел ұстаздары және ата-аналар қатысты.

Жарысқа қатысқан балалар өздері жаттаған дұғалар мен баталарын мәнерлеп орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. Бағдарлама соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталып, ұстаздар мен жамағат балаларға ізгі тілектерін арнады. Ата-аналар осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараның ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру