«ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ» КЛУБЫ SOS АСТАНА БАЛАЛАР ҮЙІНЕ БАРДЫ (ФОТО)
«Әзірет Сұлтан» мешітінің «Әжелер мектебі» клубының мүшелері SOS Астана балалар үйіне барып қайтты.
Қайырымдылық іс-шарасы аясында тәрбиеленуші балалардың кәдесіне жарайтын қажетті дүниелер сыйға берілді.
Мекеме басшылығы ізгі тілектерін айтып, бүлдіршіндерге жасалған көмектің маңыздылығын атап өтті. «Әжелер мектебі» мешітінің қайырымдылық бағытындағы игі бастамаларына сәттілік тіледі.
Ислам дінінде қайырымдылық жасау – имандылықтың басты көрінісі әрі сауапты амалдардың бірі саналады. Құран Кәрімде мұқтаж жандарға қол ұшын созу, жетімдерге қамқор болу, жақсылықта жарысу мұсылманның ізгі қасиеті ретінде атап өтіледі. Осындай игі істер қоғамдағы мейірімділікті арттырып қана қоймай, береке-бірліктің нығаюына себеп болады.



Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі