«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ 35 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЛЕСТІРДІ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен елордалық 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды.
Жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асқан игі іске ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай бастаған мешіт еріктілері атсалысты.
Елордалық аз қамтылған отбасыларға 1 айға жететін азық-түлік қоржындары дайындалып, мекен-жайларына жеткізіп берілді. Көмек алушы тұрғындар да жақсы тілектерін айтып, жалғасын тауып келе жатқан сауапты іске алғысын білдірді.
Қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу – үлкен сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады...» – деген.









Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі