«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ЖЫРЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

30 қыркүйек 2023 1335 0
Оқу режимі

Күндердің сұлтаны – қасиетті жұмада Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт  жыры оқылып, мыңдаған жамағатпен бірге Пайғамбарымызға салауат айтылды. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туылған Мәуліт айының құрметіне орай ұйымдастырылған шара аясында жамағатқа құрма мен Әз Елші жайындағы ақпараттық парақшалар таратылды.

Елімізге белгілі қари, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов жұма намазына жиылған жамағатқа мәуліт жырын айтып, Пайғамбарымыздың өнегелі өмірін насихаттады. Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы арнайы дұғасын жасап, қалың жамағатпен Сүйікті пайғамбарға салауаттар жолдады.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру