«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ (ФОТО)
26 қазан 2025
1416
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатынан құралған «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен жамағатқа түрлі тағам түрлері мен тәтті бәліштер, ұлттық сусын түрлері ұсынылып, қасиетті жұма күнінде сауапты сауда жасауға жол ашты.
Айта кетейік, жәрмеңкеден жиналған қаражат соңғы тиынына дейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатының дәнекер болуымен түрлі қайырымдылық шараларына жұмсалады.
Қайырымдылық – мұсылман қоғамының берекесін арттырып, жүректерді жұмсартатын ең ізгі амалдардың бірі. Біреуге жақсылық жасап, мұқтаждың қажетіне жарау – Алла разылығына жетелейтін сауапты іс.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Пікірлер
Кіру