«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҚМДБ-НЫҢ ТӨЛ БАСЫЛЫМДАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

26 тамыз 2025 1321 0
Оқу режимі

Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның төл басылымдары «Иман» журналы мен «Мұнара» газетінің негізінде имамдар арасында жарыс ұйымдастырылды.

Мерзімді шығарылымдардың әртүрлі сандарында жарық көрген мәліметтер негізінде сұрақтар түзіліп, қатысушыларға ұсынылды. Сайыскерлер белгіленген уақыт ішінде өз жауаптарын жазып, білімдері мен зияткерліктерін ортаға салды.

Қазылар алқасында төрелік еткен қала бас имамы Ерболат Нүрылдаұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханұлы, «Muftiyat» баспасының маманы Әлішер Ерболатұлы жеңімпаздарды анықтап, оларға ақшалай сый-сияпаттар мен алғыс хаттарды табыстады.

Айта кетсек, жарыстың басты мақсаты – имамдардың энциклопедиялық білімін тереңдету және ҚМДБ-ның төл газет-журналдарын жүйелі түрде оқуға ынталандыру. Осы ретте қала бас имамы бұл игі дәстүр жалғасын табатынын жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру