«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «РАМАЗАН ЖӘНЕ БАС ИМАМ САҒАТЫ» ӨТІП ЖАТЫР (ФОТО)

05 наурыз 2026 46 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Рамазан айына орай ұйымдастырылып жатқан «Рамазан және бас имам сағаты» айдары аясындағы уағыз-насихат кездесулері тұрақты түрде өткізілуде.

Кезекті кездесуде бесін намазына жиналған жамағатқа Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қасиетті Рамазан айында жасалатын сауапты амалдардың маңызы туралы насихат айтып, Ислам тарихындағы ізгі тұлғалардың өнегелі өмірінен тағылымды мысалдар келтірді.

Рухани мазмұнға толы кездесуде жамағат пайдалы әрі танымдық мәліметтер алып, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті мен тәрбиелік мәнін тереңірек түсінді.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рамазан және бас имам сағаты» жобасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде өткізіліп, жамағаттың діни сауатын арттыруға бағытталған.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру