«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖАС ӘКЕЛЕРГЕ «ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

23 қыркүйек 2025 412 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігі «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен жамағатқа «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында семинар өтті.

Жиынның мақсаты – әке рөлін қоғамдағы маңызды тұлға ретінде дәріптеу, отбасындағы жауапкершілікті арттыру және ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің орны мен маңызын түсіндіру.

Уағыз форматында өткен семинарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, Phd Абдулахад Сманов жүргізді. Ол өз уағызында әкенің отбасы алдындағы жауапкершілігі, баланың тәрбиесіндегі рөлі, исламдағы әке бейнесі туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы, әкенің рухани жетекші ретіндегі міндеттері туралы да сөз қозғады.

Бұл кездесу қатысушыларға отбасы құндылықтарын тереңірек түсінуге, әке рөлін жоғары бағалауға және ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға ықпалын тигізеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру