«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ҰСТАЗЫ «СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

11 қыркүйек 2025 1111 0
Оқу режимі

Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Ерсайын Сәкенов жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат жүргізді.

Ол мұсылманның күнделікті құлшылығы, намаздың маңызы және тақуалықтың қоғамдағы рөлі туралы әсерлі ойларымен бөлісті.

Уағыздан кейін ұстаз жамағатпен бірге екінті намазын оқып, дұға жасады. Жиналған қауым жүректерге жеткен пайдалы насихат үшін ұстазға алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, елорда мешіттері арасындағы мұндай рухани байланыс – жамағаттың ынтымағын арттырып, білімін толықтыруға бағытталған игі бастама.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру