БАС ИМАМ «ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

08 сәуір 2023 2095 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің бас имамы Ерболат Жүсіповтің рамазан айындағы қала мешіттерін қадағалау сапары «Әлжан ана» мешітінде жалғасты. Бесін намазына жиылған жамағатпен жүздескен Бас имам қасиетті Рамазан айының сауап-артықшылығы жайында, тарауих намазы жөнінде тұшымды насихат айтты.

Айта кетейік, әуежайдан түскен Елорда қонақтарын алыстан күмбезі жарқырап, қонақжайлықпен қарсы алатын «Әлжан ана» мешіті 2014 жылы ашылған болатын. Қашанда түрлі шаралар ұйымдастырылып жататын құлшылық ордасында бұл жолы Елорда мешіттерінің шәкірттері арасында «Құран жарысы» өткізіліп жатыр екен.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру