Бас имам қала мешіттерінің Рамазандағы жай-күйімен танысты (ФОТО)

21 сәуір 2022 3348 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айы келісімен Алланың жердегі үйі – мешіттердің тыныс-тіршілігі жаңаша леппен дамып, түрлене түсетіні белгілі. Сауапқа толы мүбәрак мерзімді пайдалы өткізуді көздеген жамағатқа айрықша жайлылық жасалып, жұмыс барысы да жандана түседі. Құлшылық ордаларындағы бұл қарбалас Рамазанның соңғы онкүндігі басталғанда тіптен қарқын алады.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қаладағы құлшылық ордаларын арнайы аралап, жұмыс барысымен танысты. Алғашқы жұмыс сапарында бас имам бастаған өкілдік қызметкерлері «Әлжан ана» мешіті мен «Астана» медресе-колледжінің Қыздар бөлімінің жағдайымен танысып қайтты. Мешіт пен медреседегі тазалық пен қауіпсіздік мәселелерін қадағалап, мешіт қызметкерлерімен кездесті. Бас имам Ерболат Жүсіпов бесін намазы алдында жамағатқа уағыз айтып, имамдыққа шықты.

Айта кетейік, ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі тарапынан тексеру жұмыстары қаладағы 12 мешіт бойынша түгелдей жүргізілетін болмақ.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру