Бас мешітте Елорданың белсенді жастарына ауызашар берілді (ФОТО+ВИДЕО)

04 маусым 2019 5939 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Берекелі Рамазан» арнайы дастарханына бұл жолы Елордамыздағы белсенді жастар қауымы шақырылды. Қасиетті Рамазан айының соңғы дастарханында Жастар альянсі, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, Нұр-Сұлтан өкілдігінің «Рухани жастар» ұйымының еріктілері мен қаламыздағы түрлі волонтерлік ұйым өкілдері бас қосып, бірлік пен берекеге толы отырыс өткізді.

Елдің ертеңі атанған жастар қауымын «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазинов өзі қарсы алып, бірлік пен ынтымақтың арқасында үлкен істер атқарып, қоғам арасында қайырымдылық шараларына үлес қосып жүрген жандарға құрмет көрсетті. Адам өмірінің ең маңызды кезеңі жастық шақтың қадір-қасиеті жайында ғибратты уағыз айтып, асыл уақытты бағалай білуге үндеді.

Берекелі дастархан басында түрлі ұйым өкілдері де өз лебіздерін білдіріп, мешіт басшылығына бүгінгі ауызашар үшін, құлшылық ордасындағы жастар үшін жасалып келе жатқан жалып шаралар үшін өз алғыстарын жеткізді. Ауызашар соңында құрметті қонақтарға құлшылық ордасы атынан рухани байлық – кітаптар салынған сыйлық сөмкелері үлестірілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ»  айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру