Бас мешітте қариларға құрмет көрсетілді (ФОТО)

28 сәуір 2022 3489 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті Қадір түнінде Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран хатым аяқталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дұғасын жасады. Отыз күн рамазан бойы Бас мешіт жамағатын әуезді мақамымен тербеткен қариларға халық алдында құрмет көрсетіп, жамағатқа тағы бір таныстырып өтті.

Айта кетейік, еліміздің Бас мешітіндегі тарауих намазындарында елімізге белгілі қарилар Жұманазар Садырханов, Мұртаза Балахмет, Ерболат Шаудырбай және 5 сынып оқушысы, түркістандық Валихан Мансурхан имамдыққа шығып, жамағатты бір ай бойы Алла сөзімен сусындатқан болатын.

Жамағат алдында төрт қаридың иығына қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру