ЕЛОРДА БАС ИМАМЫ МЕШІТТЕРДІҢ РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖҰМЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ (ФОТО)

27 наурыз 2023 1627 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айы басталғалы құлшылық ордаларының қызметі жанданып, жамағаттың да қатары бұрынғыдан көбейе түсетіні баршаға мәлім. Осыған орай, ҚМДБ Астана өкілдігінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қаладағы құлшылық ордаларының жай-күйімен жекелей танысып, Рамазан айындағы жұмыс жоспарын пысықтай түсу мақсатында әр мешітті арнайы зиярат жасауды бастады.

Ерболат Нұрылдаұлы апта басындағы алғашқы бақылау жүмысын  «Төлебай» мешітінен бастап,  бесін намазына жиналған жамағатпен жүздесті. Діни басқарма тарапынан бекітілген кесте бойынша бесін уағызын айтып, жамағаттың өтініш-тілектерін тыңдады. Намаз соңында ақсақалдан бата алып, құлшылық ордасының жұмысына сәттілік тіледі.

Зиярат барысында мешіт бас имамы Асхат Салимов қасиетті Рамазан айында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есеп беріп, тарауих намазы мен ауызашар шаралары жайында баяндады. Мешіттің тазалығы мен жамағатқа жайлылық мәселелері де қозғалып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, құлшылық ордасында бірқатар жөндеу-әрлеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Айта кетейік, өкілдік тарапынан тексеру-қадағалау жұмыстары қасиетті Рамазан бойы қала мешіттері бойынша түгелдей өткізіледі.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру