ЕЛОРДА БАС ИМАМЫ «С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ ТАРАУИХ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ

10 сәуір 2023 1744 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы Елордадағы «Сәдуақас қажы ғылмани» мешітін зиярат жасап, ғибадат үйінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Тарауих намазына жиылған жамағатпен кездесіп тағылымға толы насихат айтқан Ерболат Жүсіпов тарауих намазының сырлары жайында, сондай-ақ, тарауих намазының сүннетке сай 20 рәкағат оқылуы керек екенін атап өтті.

Қала бас имамы мешіт ұжымымен арнайы кездесіп, мешіттің жай-күйімен танысты. Мешіт бас имамы Руслан Байзақұлы қасиетті Рамазан айында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есеп беріп, тарауих намазы мен ауызашар шаралары жайында баяндады. Мешіттің тазалығы мен жамағатқа жайлылық мәселелері де қозғалып, тексеру жұмыстары жүргізілді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру