ЕЛОРДА ЖАСТАРЫ «ТӘУБЕ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ (ФОТО)
31 қаңтар 2026
54
0
Оқу режимі
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен, «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің атсалысуымен елорда жастары отандық «Тәубе» көркем фильмін тамашалауға барды.
Іс-шараға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай, Астана қаласы Жастар ісі секторының жауапты маманы Рахымжан Жолдас, сондай-ақ елорда мешіттерінің белсенді жастары қатысты.
«Тәубе» көркем туындысы адам баласын өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, тәкаппарлықтан арылып, ар-ұждан алдында есеп беруге үндейді. Фильм отбасы құндылығының, шынайы тәубенің және рухани тазаланудың маңызын терең аша отырып, көрерменге «адам үшін ең ауыр сот — өз ар-ожданы» екенін ұғындырады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру