ЕЛОРДАЛЫҚ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР АРАСЫНДА САДАҚ АТУ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

03 қараша 2025 535 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен елордалық әйел жамағаты арасында дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау мақсатында садақ ату сайысы өтті.

Шараға түрлі мешіттерден жиналған әйелдер қатысып, мергендік қабілеттерін сынға салды. Сайыс барысында қатысушыларға садақ ату ережелері түсіндіріліп, тәжірибелік түрде сынақ жүргізілді.

Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру