«Иман» журналының жаңа саны

26 қыркүйек 2019 482 0
Оқу режимі

Басылымның қазан айындағы санында жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық. Журнал «Тарихтан тағылым» айдарымен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің «Қазақ мүфтияты құрылды!» деген мақаласымен ашылған. «Парыз» айдарымен «Жаратқан Иеңнің атымен оқы», «Тарихтан тағылым» айдарымен «Қазақтың екінші Бас мүфтиі», «Тәпсір» айдарымен ««Мумтахина» сүресі», «Білгенге маржан» айдарымен «Бір заттың адал не арам екендігін анықтаудағы басты қағидалар нелер?», «Салт-дәстүр» айдарымен «Зекет», «Пәтуә» айдарымен «Спираль қоюдың үкімі», «Ғибрат» айдарымен «Алланың рақымы», «Ислами банк» айдарымен «Пайызсыз тегін деген бе?», «Данадан үйрен» айдарымен «Лұқпан хәкімнің айтқандары», «Әдеп» айдарымен «Қарттарды құрметтеу», «Зікір» айдарымен «Иман артық не кем бола ма?», «Қысқа да нұсқа» айдарымен «Діннің мәні неде?», «Ғибадат» айдарымен «Рукуғ жасау», «Өсиет» айдарымен «Баба тілі», «Ақида» айдарымен «Имам Мәтуриди» деген материалдар жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Ой салу» айдарымен «Қандасым, саған айтам!», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Имам жұма құтпасын оқығанда не үшін таяқ ұстайды?», «Уағыз» айдарымен «Майдандағы айт намазы», «Көкейтесті» айдарымен «Ұлы жақсы болса», «Бата» айдарымен «Төле би», «Зерде» айдарымен «Атеизм», «Міне, қызық» айдарымен «Атеист дәрігерді иманға келтірген мисуак», «Мәдениет» айдарымен «Қоршаған ортаңыз таза ма?», «Боямасыз болмыс» айдарымен «Дос көңілі неден қалды?», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Қонағыңызды күтіңіз», «Заң – баршаға ортақ» айдарымен «Мешіт тәртібін сақтау – міндет», «Абайла да сақтан!» айдарымен ««Ұлымның өзегі өкінішке толы»», «Өмірі өнеге»

айдарымен «Досжан Қашақұлы», «Халық қазынасы» айдарымен «Мақал-мәтелдер», «Тарихи тұлға» айдарымен «Есет би», «Харам» айдарымен «Ішімдік пен сусын түрлері», «Ойласу» айдарымен «Той жарыс .... қасірет!», «Тұрмыстық бұйым» айдарымен «Сырмақ», «Нақыл» айдарымен «Көрпеңе күнә сіңдірме!», «Күлімсірейік» айдарымен «Енді сұрамайтын шығар», «Шипа Алладан: шығыс емі» айдарымен «Бел шойырылғанда» деген танымдық мақалалардың да өз оқырмандарын қызықтырары сөзсіз.

Журналымыздың құрметті оқырманы!

Діни басқарманың бірден-бір төл басылымы, айына бір рет шығатын өзіңіз сүйіп оқитын «Иман» журналына келесі жылға жазылу жүріп жатқанын қаперіңізге саламыз. Индексі 75998. Мешіт арқылы жазылсаңыз бағасы сол бұрынғысынша бір жылға 3 000 теңге. Ал, жеке жазылғыңыз келсе, жергілікті пошта бөлімшесіне барыңыз.

Ескерту: Бір жылға толық жазылу қажет. Жазылу желтоқсан айының 20-сына дейін қабылданады. Мүмкіндігінше жолдас-жораларыңыз бен таныстарыңыздың да журналға жазылуына ықпал етсеңіз, басылымның таралу ауқымын кеңейтуге, сол арқылы ата-бабамыздың асыл діні мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үнінің халыққа жете түсуіне үлес қосып, сауап та аласыз.

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда «Иман» журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады.

Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі ұялы телефон арқылы жүзеге асады:

+7 778 948 7410

+7 700 110 0637

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру