КІТАП ОҚУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ЖАЙЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

16 қыркүйек 2026 69 0
Оқу режимі

«Әс-Сәләм» мешітінің «Жастар ісі» бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітап оқудың артықшылықтары» тақырыбында кездесу өтті.

Астана қаласы Теміржолшылар тұрғын алабындағы кітапханада өткен кездесуде «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы Дастан Зияшұлы ислам дінінің ғылым-білімге, мәдениет пен парасаттылыққа үндейтінін айтып, кітап оқудың адам танымын кеңейтіп, білімін арттырудағы маңызына тоқталды.

Ата-бабаларымыздың білім мен ізденістің қадірін жоғары бағалағанын жеткізді сондай-ақ кітап оқу мен білім алудың маңызын кейінгі ұрпаққа насихаттаудың мәніне тоқталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру