«КӨКТАЛ» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Астана қаласындағы «Көктал» мешітінде жастардың рухани тәрбиесін нығайтып, имандылық пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Жастар – біздің болашағымыз» атты тағылымды семинар өтті.
Кездесуге «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Хамит Мырзагелдиев арнайы қонақ ретінде қатысып, жастармен мазмұнды сұхбат жүргізді.
Семинар барысында жастардың қоғамдағы орны, білім мен ізденістің маңызы, уақытты тиімді пайдалану, ата-анаға құрмет көрсету, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық жасау және әр адамның өз ісіне жауапкершілікпен қарауы жөнінде ой қозғалды.
Ұстаз жастық шақтың адам өміріндегі орнына тоқталып, бұл кезеңді бос өткізбей, білім алуға, пайдалы іске және ізгі амалдарға арнаудың маңызын атап өтті.
Кездесу соңында жастар көкейдегі сауалдарын қойып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша ақыл-кеңес алды.



Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі