«КӨРШІ АҚЫСЫ – ҚҰДАЙ АҚЫСЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

17 қазан 2022 2485 0
Оқу режимі

Кеше ҚМДБ Астана өкілдігіне қарасты «Ақмешіт» мешітінің ұйымдастыруымен «Көрші ақысы – құдай ақысы» атты жамағатқа арналған семинар өтті. Бесін намазынан кейін жиылған жамағатқа «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимов және Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Мұратбек Қыстаубаев аталмыш тақырып аясында баяндама жасады.

Асыл дініміз Исламдағы көрші мәртебесі мен ақысы, оған көрсетілетін құрмет пен қарым-қатынас жөнінде түрлі мағлұматтар айтылып, қазіргі кезде қадірі қашып бара жатқан көрші ұғымы кеңінен насихатталды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру