Наурызбай Тағанұлының диссертациясын қорғау уақыты белгілі болды

27 мамыр 2020 4616 0
Оқу режимі

Исламтану мамандығы (6D021500) бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған Өтпенов Наурызбай Тағанұлының «Ислам дағуатының негіздері мен әдістері және оның қоғамдық санаға ықпалы (Қазақстандық модель негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат:

Диссертация Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасында орындалған.

Қорғау қазақ тілінде өтеді.

 Рецензенттер:

Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы  – философия ғылымдарының докторы, профессор, Яссауи ғылыми зерттеу орталығының директоры, мамандығы – 09.00.11.

Абжалов Сұлтанмұрат Утешұлы – философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, мамандығы – 09.00.13.

Ғылыми кеңесшілер:

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ш.Т.Керім;

Анкара университетінің профессоры Исмайыл Чалышкан (Анкара қ.,Түркия Республикасы).

Қорғау  2020 жылы 25 маусым сағат 10.00-де Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Исламтану бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті  университеті, әл-Фараби даңғ., 73,  Конференция залы 104.

Дереккөз: nmu.kz

Пікірлер Кіру