ҚМДБ төрағасы БАӘ делегациясын қабылдады (ФОТО)

08 қазан 2021 2562 0
Оқу режимі

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктерінің Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас хатшысы Сұлтан Фейсал Румейсимен кездесті.

Мәртебелі мейман Бас мүфтиді және Қазақстан халқын тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 

«Аллаға шүкір, Қазақстан және Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы әріптестік байланыс жылдан жылға дамып келеді. Сіздер біздің елде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шылары съезіне белсенді түрде қатысып келесіздер. Бұл өз кезегінде екіжақты қарым-қатынастың нығаюына үлкен септігін тигізуде» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосу барысында тараптар ортақ игі жобаларды жүзеге асыруға келісті.  

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру