ҚМДБ ЖАСТАРЫ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

04 қараша 2026 74 0
Оқу режимі

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен  аталған шараға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Нұрболат Советханов, Астана қаласы өкілдігінің жауапты маманы Шалқар Жолды және сектор жастары қатысты.

Жиында еліміздің әр өңірінен іріктелген, отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұрпақ тәрбиесінде өнеге көрсетіп жүрген 20 отбасы марапатталды. Жеңімпаздарға 2 миллион теңгенің сертификаты мен естелік сыйлықтары табысталды.

Іс-шара барысында отбасының қоғамдағы орны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтардың ұрпақ санасына сіңірілуі секілді маңызды мәселелерге назар аударылды.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отбасы институтын нығайтуға, отбасы мүшелері арасындағы сыйластық пен өзара түсіністікті арттыруға, рухани құндылықтарды насихаттауға елеулі үлес қосып келеді. Осы бағытта ҚМДБ-ның Дін мен дәстүр бөлімі және Әйел-қыздар секторы отбасылық тәрбиеге, ұрпақтар сабақтастығына және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған іс-шараларды тұрақты ұйымдастыруда.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру