ҚҰДАЙЫ АСТАРДА «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ЖАЙЛЫ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
09 қараша 2026
27
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының мешіт имамдары жергілікті құдайы астарға қатысып, ас беру мәдениеті мен ысырапшылдықтың алдын алу бағытында насихат жұмыстарын жүргізуде.
Кездесулер барысында ҚМДБ бекіткен «Құдайы ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылып, оның негізгі талаптары мен мазмұны түсіндірілуде.
Насихат барысында ас беру кезінде қарапайымдылық пен үнемшілдікті ұстану, даңғазалық пен бәсекелестіктен аулақ болу, ұлттық дәстүр мен шариғат талаптарын үйлестіру мәселелері сөз болды. Сондай-ақ құдайы астың негізгі мақсаты марқұмның рухына Құран бағыштап, дұға жасау екені айтылды.





Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру