«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ «МЕНІҢ СҮЙІКТІ ПАЙҒАМБАРЫМ» БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

15 қыркүйек 2026 39 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің шәкірттері арасындағы «Менің сүйікті Пайғамбарым» білім сайысы өтті.

Сайыс командалар арасында өтіп,  олар Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі мен өнегесіне қатысты білімдерін ортаға салды. Іс-шараның негізгі мақсаты да осы, яғни, шәкірттердің пайғамбар өмірі мен өнегесі туралы білімдерін тереңдету.

Білім додасы үш кезең бойынша өтті. «Меккелік кезеңде» қатысушылар Алла Расулының Меккедегі өмірі мен Исламның алғашқы жылдарына қатысты сұрақтарға жауап берді. «Һижрет және Мәдиналық кезеңде» Мәдина дәуіріндегі маңызды оқиғалар бойынша білімдерін көрсетті. Ал «Оқиғаны баянда» кезеңінде берілген тарихи оқиғаны жүйелі түрде баяндап, себеп-салдары мен тағылымын жеткізді.

Шәкірттердің білімін әділқазылар алқасы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Махмуд Қасым, «Нұрсұлтан» мешітінің ұстазы Әділхан Оразов, «Әлжан ана» мешітінің наиб имамы Серікбол Хаман саралап, бағасын берді.

Жүлделі орын иелері арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды. Сайыстың басқа да қатысушыларына белсенділік танытқаны үшін ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру