«Шейх Кунта қажы» мешіті 50 мұғалімге құрмет көрсетті (ФОТО)

12 сәуір 2022 2794 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі «30 күнге – 30 игі шара» жобасын бастаған болатын. Осы бастама аясында «Шейх Кунта қажы мешіті» мен «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы №20 орта мектептің ұстаздарына құрмет көрсетіп, ауызашар себеттері мен «Рамазан сыйлығын» табыстап қайтты.

Мешіт бас имамы Ибрагим Сматаев Ұстаздар қауымына құттықтау лебізін білдіріп, қасиетті Рамазан айы жайында аз-кем насихат айтты. Ұрпақ тәрбиесі жолындағы ұстаздардың еңбегі ерекше екенін атап өтіп, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру