ШЫМКЕНТТЕ «ХАДИСТАНУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ (ФОТО)

26 қаңтар 2024 792 0
Оқу режимі

Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасында айтылған тапсырмалар мен жылдық жұмыс жоспарын талқылау мақсатында «Ислам және дәстүр құндылығы»  жылындағы имамдардың алғашқы мәжілісі өтті.

Жиынға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасымбек, Ерман Бекбауов, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және өзге де дін қызметкерлері қатысты.

Мәжіліс барысында «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат ағымдардан сақтандыру» бес бағыттарына қарасты сала басшылары бекітіліп, атқарылатын жұмыстардың жоспары таныстырылды. Сондай-ақ, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы тарапынан «Ислам және дәстүр құндылығы»  жылы аясында жұмыстарды кешенді түрде атқаруды, сала бойынша жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді.

Мұнымен қатар, жуырда Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен «Хадистану», «Құран курсы» және «Зағип жардарға арналған Құран оқу курсы» оқу орталықтары ашылады.

Жиын барысында өткен жылы жоғары деңгейде қызмет атқарған аудан бас имамдары мен салаға жауапты мамандарға Бас мүфтидің алғыс хаты табысталды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру