Тегін такси қызметі жұма күні қайта жалғасты (ФОТО)

31 қаңтар 2020 4702 0
Оқу режимі

Ауа-райы күрт құбылып, ақтүтек боран мен сақылдаған аяз құрсауына түскен Елорда халқы үшін өткен апталардағы ауыр күндер артта қалғандай. Көліктер кептеліске түсіп, жаяу жүргіншілер үшін қарға адым жер мұң болған боранды күндердің әлегі басылғанымен, әлі де қыс қаһары сейілер емес.

Осыған орай, ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты құлшылық ордалары «Ізгі қала тұрғындары» қайырымдылық акциясын осы аптада да жалғастыруды жөн санап отыр. Қасиетті жұма намазы алдында мешіт қызметкерлері мен жамағатынан құралған еріктілер тобы тағы да сауапқа толы сапарларын бастады. Айта кетейік, аталмыш акция ерікті азаматтардың ұсынысымен әлі де жалғаса түсетін болмақ.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру