ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ

14 наурыз 2026 60 0
Оқу режимі

Елордада «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Наурызнама-2026» онкүндігі аясында «Көрісу күні – ұлттық дәстүр мен рухани келісімнің жалғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға Астана қаласы өкілдігі Жастар ісі секторының жетекшісі Рахымжан Жолдас қатысып қайтты.

Жиынның мақсаты – қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін дәріптеу, конфессияаралық диалогты нығайту, сондай-ақ жастар арасында өзара құрмет пен қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында Көрісу күнінің рухани-адамгершілік маңызы, оның қоғам бірлігін нығайтудағы рөлі және дәстүрлі құндылықтарды жастар арасында насихаттаудың заманауи тәсілдері талқыланды.

Іс-шара барысында қатысушыларға Наурызнама онкүндігіне арналған мазмұнды баяндама ұсынылып, мерекенің тарихы мен рухани-мәдени маңызы туралы айтылды. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған тақырыптық викторина ұйымдастырылды.

Кездесу соңында «Үздік ұлттық киім» және «Үздік ұлттық әшекей» номинациялары бойынша қатысушылар марапатталып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бастамалар қолдау тапты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру