Жылдық есеп-2021: бір жылда 534 азамат діни оңалды

30 желтоқсан 2021 2488 0
Оқу режимі

Деструктивті діни ағымдар идеологияларының таралуына қарсы жалпы профилактикалық іс-шаралар аясында 9 054 676 адамды қамтыған 10 782 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл баяндады.

«Мүфтияттың діни оңалту бағытындағы қызметкерлері 5 273 адаммен 5 973 жеке ықпал ету акциясын (жеке кездесулер) өткізген. Аталған акциялар нәтижесінде 219 тұлға ханафи мәзһабына өтті және арнайы мамандармен бірлесіп қорытынды шығаруы барысында 414 тұлға оңалды.

ҚР ІІМ ҚАЖК түзету мекемелерінде 2193 адамды қамтыған 2756 жеке ықпал ету акциясы ұйымдастырылды. Атқарылған акциялар нәтижесінде 114 жазасын өтеуші азамат дәстүрлі Ханафи мазһабына өтті, сондай-ақ, жазасын өтеуші 120 азамат оңалды, яғни оларға діни оңалту бағытына өкілетті мемлекеттік органдардың мамандарымен бірлесіп «қазақстандық қоғамдық құндылықтарға бейімделіп, ханафи мәзһабын қайта ұстанып, деструктивті діни ағым идеологиясынан бас тартты» деген қорытынды шығарылды» деп атап өтті Хасан Аманқұл.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру