Ғұсыл құйыну
толық жуыну, шомылу
Ғұсыл құйыну

Ғұсыл құйыну (жуыну, шомылу) – бүкіл дененің арнайы жуылуы. Ол мына адамдар үшін міндетті болып табылады:

  • Исламды жаңадан қабылдаған адам
  • Жүніп болған адам (жыныстық қатынаста болған немесе ұрығы атылып шыққан адам)
  • Мәйітке ғұсыл құю, яғни қайтыс болған адамды шомылдыру
Ғұсыл құйыну мұстахаб (жақсы көрілген) болатын жағдайдар:
  • Жұма намазы үшін
  • Айт намазы үшін
  • Ихрам киер алдында
  • Арафат күні Арафат тауына тұрарда
  • Ақыл-естің орнына келуі
  • Қан алдырған соң
  • Өлікті жуғаннан соң
  • Истсихададан (үзір қаннан) айыққан әйел үшін
  • Тәубе еткен адам үшін
Ғұсылдың парыздары:
  • Ауызды жуу, шаю;
  • Мұрынды шаю;
  • Денесін толық жуу.
Ғұсылдың сүннеттері:
  • Бисмилләмен бастау
  • Ниет ету
  • Әуретті жуу
  • Ластық тиген жерлерді тазалау
  • Дәрет алу
  • Үш рет басқа, үш рет оң иыққа, үш рет сол иыққа су құйып оны бүкіл денеге жеткізу
  • Сөйлемеу
  • Құбылаға алдымен де, артымен де қарамау
  • Жалғыз болса дағы әуретінің жабық болуы
Ғұсыл құйынбаған жағдайда істеуге болмайтын нәрселер:
  • Намаз оқу
  • Қағбаны тауап ету
  • Мешітке кіру
  • Құранды ұстау мен оқу